Қоғамдық сананы жаңғырту үрдісіндегі дін мен діни мәдениеттің рөлін талқылау жөніндегі «дөңгелек үстел»

Қоғамдық сананы жаңғырту үрдісіндегі дін мен діни мәдениеттің рөлін талқылау жөніндегі «дөңгелек үстел»
20 қарашада Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Д. Халелдің төрағалығымен қоғамдық сананы жаңғырту үрдісіндегі дін мен діни мәдениеттің рөлін, зайырлы Қазақстандағы діннің функцияларын түсінуді және АТТ мүшелерінің 2020 жылғы қызметінің қорытындысын шығаруды талқылау жөніндегі «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстелдің» жұмысына ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.
Мәжіліске қатысқандар тарапынан талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, құзыретті және мүдделі органдар мен мекемелерге жолданатын ұсынымдар қабылданды.
Сонымен қатар, дін істері басқармасының басшысы Д.Халел ақпараттық-түсіндіру топтарының ең белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.