Жасөспірімдерге арналған «Біз біргеміз» көшпелі лагері

Жасөспірімдерге арналған «Біз біргеміз» көшпелі лагері

«Жосалы» шипажайының базасында жасөспірімдерге арналған «Біз біргеміз» көшпелі лагері ұйымдастырылды.
Екі күн бойы лагерь қатысушылары зияткерлік және спорттық ойындарда бақ сынап, пікірсайыстарға, шығармашылық іс-шаралар мен шеберлік сабақтарына қатысты. Мазмұнды бағдарлама командалық жұмыс, сыни ойлау, ақпаратты талдау, өз ұстанымын дәлелді түрде жеткізу, сондай-ақ түрлі жағдайларда шешімдерді бірлесіп іздеу дағдыларын дамытуға бағытталды.