Ансар Мейрамұлы «Ұлы дала күмбірі» республикалық фестивалінің Гран-при иегері

Ансар Мейрамұлы «Ұлы дала күмбірі» республикалық фестивалінің Гран-при иегері

Қарағанды қаласындағы «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Искаков Ансар Мейрамұлы Атырау қаласында өткен «Ұлы дала күмбірі» республикалық фестивалінің Бас жүлдесін иеленді.

Фестиваль Ұлттық домбыра күніне орай Атырау облысының Дін істері басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы діни бірлестіктерінің өкілдері арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық дәстүрлер мен қазақтың төл өнерін насихаттау, сондай-ақ конфессияаралық татулық, қоғамдық келісім және рухани бірлік мәдениетін нығайту.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар бақ сынаған өнер додасында Ансар Мейрамұлы жоғары орындаушылық шеберлігін көрсетіп, Қарағанды облысының абыройын асқақтатып, фестивальдің ең жоғары марапаты – Бас жүлдені жеңіп алды.

Ансар Мейрамұлын айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер және шығармашылық шабыт тілейміз!