
Бүгін Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында Қарағанды облысының Діни бірлестіктер клубының модераторы Дмитрий Сергеевич Полтаренко «Жаңа Конституция – мемлекеттік және конфессияаралық диалогтың негізі» тақырыбында сөз сөйледі. Сондай-ақ кездесу аясында Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Алтынай Ислямовна Сүлейменова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, қоғамда адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтудағы діни бірлестіктердің рөлі туралы түсініктемелер берді.