Қарағанды облысының дін істері басқармасында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қарағанды облысының дін істері басқармасында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Қарағанды облысының дін істері басқармасында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шараға басқарманың мемлекеттік қызметшілері қатысып, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы орны мен маңызы, сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары талқыланды.

Жиын барысында қатысушыларға конституциялық реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді. Мемлекеттік қызметтің ашықтық, кәсібилік және халыққа қызмет ету қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мерекелік іс-шара аясында мемлекеттік қызмет саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлердің еңбегі атап өтіліп, оларға алғыс хаттар табысталды. Марапатталған қызметшілерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін ризашылық білдірілді.

Салтанатты жиын қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыруға және кәсіби құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.