
2026 жылғы 19 маусымда Қарағанды облысының дін істері басқармасында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері қатысқан «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты - жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелеріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында қатысушыларға азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған сюжеті бар қысқа метражды бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының заңнамасына түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, ЖОО студенттері басқарманың қызметімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.