
Конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Приозерск қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Сапар аясында тұрғындармен кездесулер өткізіліп, діни сауаттылықты арттыру, деструктивті ағымдардың қауіптілігі және қоғамда толерантты орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне кәсіби біліктілікті арттыру және алдын алу жұмыстарының әдістерін жетілдіру мақсатында оқу семинары ұйымдастырылды.