Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Ақтоғай ауданына іссапары

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Ақтоғай ауданына іссапары

Діни экстремизмнің алдын алу және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында Ақтоғай ауданына облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс сапарымен барды. Іс-шара аясында қала тұрғындарының түрлі әлеуметтік топтарымен кездесулер ұйымдастырылып, діни сауаттылықты арттыру, қоғамда төзімділік қағидаттарын ілгерілету және радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды. Сапар барысында Ақтоғай ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізіліп, профилактикалық жұмыстың тиімді әдістері мен тәжірибелері ұсынылды.