
6 сәуір күні «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК базасында «Кәмелетке толмағандар арасында радикалданудың алдын алу» тақырыбында студенттерге арналған диалог алаңы өтті.
Спикер ретінде Дмитрий Полтаренко — Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы, Қарағанды облысындағы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ филиалының басшысы, Қарағанды облысы МРО басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі сөз сөйледі.
Кездесу барысында студенттерге радикалданудың белгілері, жасөспірімдерді деструктивті ағымдарға тарту тәсілдері, соның ішінде қыздар мен жігіттерді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы вербовкалау әдістері жан-жақты түсіндірілді. Жастарды тартуда қолданылатын манипуляциялық ықпал ету тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мен сыни ойлауды дамыту қажеттілігіне баса мән берілді.