Білім беру ұйымдарының әкімшілік өкілдері мен психологтарына арналған оқыту семинары өткізілді.

Білім беру ұйымдарының әкімшілік өкілдері мен психологтарына арналған оқыту семинары өткізілді.

 Қарағанды қаласында білім беру ұйымдарының әкімшілік өкілдері мен психологтарына арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы радикалданудың әлеуметтік-психологиялық себептері. Экстремизмнің табиғаты және оның мінез-құлықтағы көріністері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Лекторлар ретінде дін саласындағы сарапшылар: Шакимова Л.С. және Полтаренко Д.С. сөз сөйледі.
Семинар барысында тәуекел факторларын анықтау, кәмелетке толмағандарды деструктивті ағымдарға тарту тетіктері, сондай-ақ білім беру ортасында профилактикалық жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға кәсіби қызметте қолдануға арналған түсіндірулер мен практикалық ұсынымдар беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.