Кәмелетке толмағандар арасында радикалданудың алдын алу

Кәмелетке толмағандар арасында радикалданудың алдын алу

КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» жоғары сынып оқушыларына арналған «Кәмелетке толмағандар арасында радикалданудың алдын алу» тақырыбында диалогтық алаң өтті.

Спикерлер ретінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы Шакимова Л.С. және «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ҚОФ жетекшісі Полтаренко Д.С. сөз сөйледі.

Сарапшылар радикалданудың белгілері, жасөспірімдерді деструктивті ағымдарға тарту тәсілдері туралы айтып, интернеттегі ақпараттық қауіпсіздік пен сыни ойлаудың маңыздылығын атап өтті.

Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.