Қарағанды облысында радикалданудың алдын алу бойынша семинар өтті

Қарағанды облысында радикалданудың алдын алу бойынша семинар өтті

Қарағанды облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстың ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған «Радикалданудың алдын алу: қоғамда жұмыс жүргізу құралдары мен әдістері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар спикері ретінде теолог, «SAPSAN» стратегиялық орталығының директоры Жандәулет Отарбайұлы Сүлейменов сөз сөйледі.

Семинар барысында радикалданудың көпфакторлы табиғаты және қауіп факторларын анықтау тәсілдері талқыланды. Іс-шараға қатысушыларға практикалық ұсыныстар берілді.