
Облыста конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы орайда облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының Шахтинск қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында халықтың түрлі санаттағы өкілдерімен кездесулер өтті. Кездесулерде діни сауаттылықты арттыру, деструктивті ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ қоғамда өзара құрмет пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Шахтинск қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған біліктілікті арттыруға және профилактикалық-түсіндіру жұмыстарының әдістерін жетілдіруге бағытталған оқыту семинары өткізілді.