
Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Жанболат Сектай мешіт жанындағы ақсақалдар кеңесінің отырысына қатысты.
Кездесу барысында қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, жастар тәрбиесі және дін саласындағы алдын алу бағытындағы жұмыстардың өзектілігі талқыланды.
Іс-шараға қатысқан облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы мен ақсақалдар кеңесінің мүшелері рухани тәрбие, дәстүр сабақтастығы және жастармен жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері бойынша ой бөлісті.
Ақсақалдар институтының өмірлік тәжірибесі мен өнегелі сөзі қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті сақтауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Дін істері басқармасы зайырлылық қағидаттарын сақтай отырып, қоғамдағы татулық пен рухани тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да қолдауды жалғастырады.