Жаңа Конституцияның жобасы облыстық діни бірлестіктер клубының отырысында талқыланды

Жаңа Конституцияның жобасы облыстық діни бірлестіктер клубының отырысында талқыланды

Қарағанды облысында Діни бірлестіктер клубының кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституцияның жобасы, онда көзделген өзгерістер және олардың мемлекет пен дін арасындағы қатынастар саласына ықпалы жан-жақты талқыланды.

Отырыс барысында конституциялық реформалардың негізгі мақсаттары, атап айтқанда құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.

Талқылау кезінде діни саладағы негізгі конституциялық қағидаттардың өзгеріссіз қалатыны, соның ішінде ар-ождан бостандығы, заң алдындағы теңдік және мемлекеттің зайырлы сипаты сақталатыны атап өтілді.

Сонымен қатар зайырлылық қағидатын нақтылау діни бірлестіктердің заңды қызметіне және азаматтардың құқықтарына шектеу қоюды көздемейтіні, керісінше мемлекет пен діни ұйымдардың өкілеттіктерін нақты айқындауға, діннің саясилануына жол бермеуге және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталғаны айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша діни бірлестіктермен өзара диалогты жалғастыру және түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.