Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының қорытынды отырысы өтті

Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының қорытынды отырысы өтті

Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының отырысы өтті. Жиында діни бірлестіктердің қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері қаралды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланып, өңірдегі діни бірлестіктер тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Отырыста «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру барысы туралы ақпарат берілді және оның құқықтық мәдениетті арттыру мен қоғамдық тәртіпті сақтау ісіндегі маңыздылығы атап өтілді. Кездесу соңында клуб мүшелерінің атқарылған жұмыс нәтижелері таныстырылып, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.