
Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубы конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Осы ретте клуб мүшелері Ақмола облысына танымдық экспедиция жасап, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болды.
Сапар барысында қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбаны болған әйелдердің ауыр тағдырын бейнелейтін жәдігерлермен танысып, өткеннің қасіретті кезеңдерін терең сезінді.
Өткізілген іс-шара тарихи жадты сақтау, қоғамда ортақ жауапкершілік сезімін қалыптастыру, елдегі тұрақтылықтың құндылығын ұғындыру бағыттарында маңызды мағынаға ие болды.