
Қарағанды қаласының колледж оқытушылары мен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері арасында «Студенттік және мектеп ортасында экстремизмнің алдын алу құралдары» тақырыбында оқу семинары өтті.
Іс-шараның спикері – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Далабаева Гүлнар Бакенқызы. Семинар барысында жастардың деструктивті ағымдарға тартылу қаупін ерте анықтауға қатысты өзекті мәселелер және білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстың заманауи тәсілдері талқыланды.
Іс-шара қатысушылары келесі бағыттарды қарастырды:
🔹 жасөспірімдер мен студенттермен тиімді коммуникация ерекшеліктері;
🔹 цифрлық ортадағы радикалдану белгілері;
🔹 тұрақты дүниетанымды қалыптастырудағы оқытушы мен топ жетекшісінің рөлі;
🔹 ата-аналар және заңды өкілдермен өзара әрекеттесудің тиімді әдістері.