
Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжінде қала колледждерінің оқытушылары мен Қарағанды қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрісті Қарағанды облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Алтынай Ислямқызы Сүлейменова оқыды.
Әңгіме барысында қатысушылар кәсіби қызметтегі ашықтықтың, жеке жауапкершіліктің және адалдықтың маңыздылығын, сондай-ақ сенім мен әділдік атмосферасын қалыптастырудағы әрбір қызметкердің рөлін талқылады.