Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің Қарқаралы ауданына сапары

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің Қарқаралы ауданына сапары

Дінаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының іссапары аясында Қарқаралы ауданына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Кездесулер барысында түрлі санаттағы тұрғындармен қоғамдағы келісімді нығайту, діни сауаттылықты арттыру, радикалды идеологияларға қарсы тұру және толеранттылық мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері үшін біліктілікті арттыру мен алдын алу жұмыстарының тиімді әдістерін жетілдіруге бағытталған оқыту семинары өткізілді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, ақпараттық-ағартушылық қызметтің заманауи тәсілдерін талқылады.