
Дінаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының іссапары аясында Теміртау қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Кездесулер барысында түрлі санаттағы тұрғындармен қоғамдағы келісімді нығайту, діни сауаттылық деңгейін арттыру, радикалды идеологияларға қарсы тұру және толеранттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қаладағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері үшін біліктілікті арттыру мен алдын алу және ағартушылық жұмыстарының тиімді әдістерін жетілдіруге бағытталған оқыту семинары өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DQbqTmoDr64/