Республикалық оқу семинары өткізілді

Республикалық оқу семинары өткізілді

Қарағанды қаласындағы «Жастар әлемі» Жастар сарайында дін саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған оқыту семинары өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитеті, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Қарағанды облысының Дін істері басқармасы және «Рухани жаңғыру» қоры қолдау көрсетті.
Семинарға ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, психологтар, теологтар, құқық қорғау және білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Спикер – тәжірибелі психолог-аналитик Светлана Новикова эмоциялық байланыстар түрлері, психологиялық тәуелділік және үрей мен қорқынышты төмендету тәсілдері туралы баяндама жасады.
Семинар тақырыбы: «Қазіргі шынайылық жағдайында үреймен, қорқынышпен және дүрбелең шабуылдарымен жұмыс істеу».