Республикалық оқу семинары өткізілді

Республикалық оқу семинары өткізілді

Қарағанды қаласындағы «Жастар әлемі» жастар сарайында дін саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған оқыту семинары өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Қарағанды облысының Дін істері басқармасының және «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинарға өңірдің ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, психологтар, теологтар, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің терроризмге қарсы комиссия хатшылары, құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен оқу орындарының директор орынбасарлары қатысты.
Спикер ретінде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының сарапшысы, дін мәселелері жөніндегі республикалық түсіндіру тобының мүшесі — Жакиянов Дулат Жәрдемқұлұлы сөз сөйледі.