Қарағанды облысында Рухани келісім күні салтанатты түрде атап өтілді

Қарағанды облысында Рухани келісім күні салтанатты түрде атап өтілді

Қарағанды қаласындағы «Достық үйінде» Рухани келісім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға облыстық діни бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық ұйымдар, жастар мен белсенді азаматтар қатысты.
Іс-шара аясында қоғамда бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында діни бірлестіктер клубының белсенді мүшелері, жастар арасында ұйымдастырылған ашық облыстық дебат турнирінің жеңімпаздары, “Жастар терроризмге қарсы” атты бейнероликтер байқауында топ жарған студенттер мен кәсіби теологтар бар.
Мерекенің мазмұнын арттыра түскен шаралардың бірі – «Қарағанды облысындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды және конфессияаралық толеранттылықты дамыту» тақырыбында өткен фотокөрме болды.
Бағдарлама соңында діни бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге рухани серпіліс пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.