Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Брифинг барысында 2025 жылдың 9 айындағы Қарағанды облысы Дін істері басқармасының қызметі туралы мәлімделді. Облыста 15 конфессияға кіретін 286 діни бірлестік және 235 ғибадат үйі тіркелген. 14 ақпараттық-түсіндіру тобы 5 149 шара ұйымдастырып, 300 мыңнан астам адамды қамтыған. Интернетте 612 заңға қайшы деструктивті материал анықталып, тиісті органдарға жолданған.
Басқарма діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және жат діни ағымдардың таралуын болдырмау бойынша жұмыс жүргізуде.