"Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапаттау

"Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапаттау
Президенттің Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Д.Қ.Халелдің діни бірлестіктер өкілдерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттауы Рухани келісім күні аясында ұйымдастырылған бүгінгі кездесудің басты оқиғасы болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілетті имамы), Осокин Александр Валентинович (Қазақстанның орыс православиелік шіркеуінің Қарағанды және Шахтинск епархиясының епископы), Патрикеев Михаил Александрович (Қарағанды қаласының Благовещенск шіркеуі приходының настоятелі) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Біздің облыстың діни бірлестіктері қоғамдағы бейбітшілік пен рухани келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік-мәдени іс-шараларға қатысуға жұмылдырылатынын атап өткен жөн.