«Бір шаңырақ астында»

«Бір шаңырақ астында»
Рухани келісім күніне арналған іс-шаралардың жариялануын жалғастыра отырып, бүгін басқарма тарапынан конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы департаментінің басшысы Д.Есеннің діни және этномәдени бірлестіктермен кездесуі ұйымдастырылды.
«Бір шаңырақ астында» кездесуі конфессияаралық келісім мен сындарлы ынтымақтастықты нығайтуға, дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, діни бірлестіктердің өкілдері арасындағы жұмыс тәжірибесі мен пікір алмасуға бағытталған.
Сонымен қатар, облыстың конфессиялары тарапынан ұсынылған бірегей діни жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, «Конфессияаралық бірлік - рухани келісімнің негізі» атты екінші тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Қазақстанның қалыптасу және Қарағанды облысы аумағындағы түрлі конфессияларда діндердің даму тарихы туралы кітаптар облыстық кітапхана қорынан ұсынылды.