Рухани келісім күні аясында экскурсия

Рухани келісім күні аясында экскурсия
18 қазанда біздің еліміз Рухани келісім күнін атап өтеді. Облыста өткізілетін түрлі форматтағы іс-шаралар осы күнге арналады.
Кеше басқарма облыстың діни конфессияларының өкілдері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығына экскурсия ұйымдастырды.
Басқарма қызметкерлері көрменің ашылуында осы рухани мерекенің құндылығын, оның қазіргі қазақстандық қоғам өміріндегі рөлі мен маңызын атап өтті және мемлекеттің зайырлы негіздерін сақтау мен діндер арасындағы диалогтың маңыздылығына екпін жасады.
Көрмеге Тұңғыш Президент қызметінің көп томдық туындылары, монографиялары, Қарағанды облысының ғалымдары тарапынан шығарылған Қазақстандағы мемлекеттік саясат туралы христоматиялар қойылған.
Діни бірлестіктердің өкілдері экспонаттармен қызығушылықпен танысып, Қазақстанның жаһандық диалог алаңы болып табылатынын, онда азаматтарды толғандыратын мәселелерді талқылауға болатынын атап өтті.