Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының сапарға шығуы

Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының сапарға шығуы

2025 жылғы 31 мамырда Қарағанды облысының Діни бірлестіктер клубының мүшелері Спасск мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шараларға қатысты. Қатысушылар гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, еске алу шаралары аясында Долинка кентіндегі «Мамочкино зираты» мен «Карлаг» мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.