2025 жылғы 9 маусымда Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған тақырып бойынша Қарағанды облысының «Антикор» ақпараттық-аналитикалық пулының спикері А.И. Сулейменова баяндама жасап, заңның негізгі талаптары мен оның діни бірлестіктер қызметіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушылар статистикалық есепті электрондық түрде тапсырудың тиімділігі туралы ақпарат алды. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Д.І. Жақыпбек сөз сөйледі. Кездесу соңында 2025 жылдың екінші тоқсанына арналған клубтың жұмыс жоспары талқыланып, нақты міндеттер айқындалды.