Білім туралы құжаттарды тану қызметі енді eGov Mobile мобильді қолданбасында да қолжетімді. Бұл азаматтарға орта және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын тікелей мобильді құрылғыдан тексеруге мүмкіндік береді. Бұған дейін қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.
Сонымен қатар, бұл қызмет жоғалған құжаттардың телнұсқаларын алу және шетелде білім алғанын растау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Осы арқылы пайдаланушылар бұрын алған білімдерін растайтын куәлікті тез және ыңғайлы түрде рәсімдей алады, жоғалған білімдерін растайтын құжатты қалпына келтіре алады немесе шетелде білім алғанын растай алады.
Қызметті пайдалану үшін:
Нәтижені пайдаланушы қолданбаның Жеке кабинетінде бақылай алады.
Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.