Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі. Сертификат алуға арналған тиісті онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.
Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады:
Тұрғын үй сертификатын онлайн алу үшін пайдаланушыға:
Жаңа қызмет өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ынтымақтастығымен іске асырылды.