"Инкубатор" жобасы IT-саладағы кез-келген идеяны насихаттауға көмектеседі

"Инкубатор" жобасы IT-саладағы кез-келген идеяны насихаттауға көмектеседі

Аталмыш бағыт бойынша оқыту Қарағандыда 21 қаңтарда басталады. Үздік үш жоба 400 мың теңгеден грант алады деп жоспарланып отыр.

«Терриконды алқап» қаланың IT-саласын дамыту үшін қолайлы және прогрессивті орта қалыптастыруға ниетті. IT-Hub облыстық әкімдіктің қолдауымен барлық мүдделі жастарды тегін оқытуға дайын. 2025 жылға қарай олар 10 мыңнан астам IT-сала мамандарын даярлауды жоспарлап отыр.

Джуниор әзірлеуші болу  

IT-Hub директоры Сабир Ниязовтың айтуынша, жастар дамып, жұмыс табуы, шетел асып, кетпеуі тиіс. Бірақ бұл үшін оларға перспективалар қажет. Өткен жылы IT мектебі ашылды. Оқуға келеді-ау деген есеп ең алдымен, жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектеріне жасалады. Өйткені, жергілікті бизнес үшін Қарағанды облысынан адамдарды жалдаған тиімдірек.

- Бұл мектепте бір жыл ішінде адам джуниор әзірлеушіге дейін өсіп, кез-келген өнімді ұсына алады, - дейді IT-Hub директоры Сабир Ниязов. - Оқытудың ақылы да, тегін де түрі бар (қаржыландыру мемлекет есебінен жүзеге асырылатын Tech Orda бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады). Біздің мектептің жекелеген артықшылықтары бар. Мысалы, университеттегі оқу 4 жыл құрайды. Түлек оқып шыққан кезде ол оқыған бағдарламалау тілдері ескіруі мүмкін. Бізде қазір сұранысқа ие жаңа бағдарламалар мен бағыттар бар және олар жақын арада қажет болады. IT-Hub директоры атап өткендей, «Терриконды алқапта» қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандар саны артуда. Мұндай мамандарға деген қажеттілік жоғарылай бермек. Қазіргі уақытта аймақта жұмыс істейтін IT-компаниялар кадрларға өте мұқтаж. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Қарағанды облысында 5 мыңға жуық IT-маман бар.  

Сарапшылар тобы

Мектептен тыс, «Терриконды алқап» «Инкубатор» сынды жобаларды да жүзеге асырады. Ол ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған.  Мұнда IT саласына қатысты идея және кем дегенде екі адамнан тұратын команда қажет. Сабир Ниязов түсіндіргендей, қатысушылар жеке тәлімгермен жұмыс істейді, прототипті әзірлеу және сатуды бастау үшін қажетті белгілі бір білім мен дағдыларды игереді.  Тәлімгер жобаның жұмыс моделін құруға көмектеседі, ал білім алушылар сол бастаушы кәсіпкерлер арасында жұмыс істей алады.  Одан тыс, олар инвестиция тарту үшін презентация жасауды үйренеді.  - Біз сарапшылар, трекерлер тобын, яғни идеяңызды жүзеге асыруға көмектесетін адамдарды жинадық, - дейді IT-Hub директоры. - Стартап идеясын дайын бизнеске айналдырамыз. Жобаның жұмыс істейтінін немесе істемейтінін қалай тексеруге болады? Қаржылық жоспарлауды қалай есептеу керек, маркетингпен, сарапшылармен, жеткізушілермен қалай жұмыс істеу керек? Біз командаларға бизнеске қатысты барлық мәселелер бойынша көмектесіп, қолғабыс етеміз.  


Сала басы «Инкубатор»

Айта кетсек, трекерлер – «Инкубатордың» басынан аяғына дейін командамен бірге жүріп, сүйемелдетін жаттықтырушылар, тәлімгерлер. Оларды Ресей, Украина және Израильден келген шетелдік мамандар оқытқан. «Инкубатор» Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасының қолдауымен өтеді. Биыл ол 21 қаңтарда басталып, 31 наурызға дейін он аптаға созылады. – Оқу соңында командалар өз жобаларымен әлеуетті инвесторларды таныстырады, – деп бөлісті Сабир Ниязов. – Жалпы жүлде қоры – 1,2 миллион теңге. Үздік үш жоба 400 мың теңгеден грант алады. Жалғастырушы бизнесмендерге арналған «Акселератор» бағдарламасы бар. Оған жұмыс істейтін ЖК, ЖШС қатыса алады. Мұнда кәсіпкерлерге өз істерін алға жылжытып, ілгерілетуге, пайданы ұлғайтуға көмектеседі. Үздік шыққан командалар шақырылған инвесторлардан қаржыландыруды талап ете алады. Мәре сатысында қатысушылар өз нәтижелерін қазылар алқасына ұсынады. Ерекше үздік шыққандар «Яндекс» жобасының әріптесінен 2,4 млн. теңге сомасына сыйлықтар алады.                   

Шаршыдан тыс ойлау қабылеті

«Терриконды алқап» Алалыкин көшесіндегі тарихи ғимараттардың бірінің 3 қабатында орналасқан. Мұнда бір кездері Кеңес одағының ғалымы, биофизик Александр Чижевский жұмыс істеген. IT-Hub ғимаратында коворкинг аймақтары бар. Шахталарымыздың атымен аталатын келіссөз бөлмелері де бар. Сондай-ақ, митаптар өткізілетін үй-жайлар қарастырылған. Жұмыс мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу үшін мамандардың бейресми кездесулері митап деп аталады. «Терриконды алқаптың» мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы жоспарлары бар. Үшінші қабатта жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Онда стартаперлер қатыса алатын (кем дегенде 5 команда) қосалқы кабинеттер жасақталады. 3D принтері бар бөлме де болады, бұл жобаларды көрсету үшін макеттер жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, подкаст жазуға арналған бөлме жасалуда. IT-Hub директорының айтуынша, олар қазір сұранысқа ие. Бүгінгі таңда шуды оқшаулау жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қажетті үстел, орындықтар, камералар, микрофондар болады. - Кеңейту жолында көздейтін мақсатымыз бірнеше, - дейді Сабир Ниязов. - Біз жобаларымыздың жоғары бой түзегенін қалаймыз. 2 жыл бойы оқытқан компаниялардың штатын толықтырып, көбірек ақша тапқанын көздейміз. Егерде қызметкерлер саны өссе, кеңселерге қажеттілік туындайды деген сөз. Коворкингтердің мұндай тапсырмаларды шешуге әлеуеті жетпейді. Командада 2 адам болмаса, қиын. «Бизнес орталықтары бар ғой!» деп қарсы дау айтуға болады. Біздің арамыздағы айырмашылық: біз тек шаршы бөлмені ғана емес, ақыл-ойды да қозғап, дамытуға қолғабыс етеміз.

Кирилл Васильев

Фото: «Терриконды алқап» IT-Hubы

https://inkaraganda.kz/trends/raskrutit-ljubuju-ideju-v-it-sfere-pomozhet-proekt-inkubator/