Дәрісте сізге тегін сату айналымын қалай іске қосу керектігі туралы айтады

Дәрісте сізге тегін сату айналымын қалай іске қосу керектігі туралы айтады

Сату айналымы - бұл клиенттің мінез-құлқын, сатып алу туралы шешімге қалай келетінін және қандай мотивтерді басшылыққа алатынын түсінуге мүмкіндік беретін аналитикалық құрал. Бұл сатып алушының қызығушылығын бақылауға мүмкіндік беретін акналым. 10 қаңтар күні IT-хабта "Онлайн-мектеп мысалында өзін-өзі масштабтайтын тегін сату айналымы" дәрісі өтеді, ол жерде біз жылжыту әдістерін және лидтерді тегін тарту әдістерін талдаймыз.

Спикер brush.guru онлайн цифрлық графика мектебінің негізін қалаушы және иесі болады Константин Спирин болады. Ол өз тақырыбын онлайн-мектептің мысалына сүйене отырып талдайды және оның құрылу тарихы және оны алға жылжытуда қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екендігі туралы айтады. Сондай-ақ спикер трафикті жоғалтудан, лидтерді қалай ұстап қалуға және белгілі бір жарнама алаңына тәуелділікті азайтуға, instagram және telegram арқылы өзін-өзі масштабтайтын тегін сату аналымын қалай құруға болатынын түсіндіреді.

Қатысушылар дұрыс контент пен базалық жұмыс арқылы бизнесті күйреуден қалай құтқаруға болатыны туралы бірнеше кеңестер алады және спикерге өз саласын ілгерілету туралы сұрақтар қоя алады.

Дәріс маркетологтарға, онлайн мектеп иелеріне және сарапшыларға пайдалы болады. Қатысу офлайн және онлайн форматында тегін болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/sales-funnelІс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 10 қаңтар, 19:00

Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы". Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС