Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына өзгерістер енгізу, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес есепті деректерді ұсыну туралы мәселелер онлайн семинарда қаралды

«Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау бөлімінің бастамасы бойынша 2021 жылғы 15 қыркүйекте сағат 11:00-де жергілікті атқарушы органдар мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен zoom-конференция режимінде семинар өтті.

Семинарда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы мәселе, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес есепті деректерді ұсыну мәселесі қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.