Қарағанды қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы "Терриконовая долина" IT-хабын құруды іске асыру жоспарланған

Қарағанды қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы "Терриконовая долина" IT-хабын құруды іске асыру жоспарланған

          Осы Хабарлама Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына (бұдан әрі – «Заң») және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына (бұдан әрі – «Қағида») сәйкес әзірленген және жарияланған.

          Жобаны іске асыру мерзімі: 2021 жылдан бастап 5 жыл 15 күн (2021 жылы тікелей келіссөздер жүргізу және МЖӘ шартын жасасу рәсімдері белгіленген тәртіппен аяқталған жағдайда).

          МЖӘ объектісін құру кезеңі: МЖӘ шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.

          МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі: 5 (бес) жылдан аспайды.

          Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы: Қарағанды қаласы.

          Жекеше әріптес:

1) МЖӘ объектісін құруды меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен қаржыландыруды;

2) МЖӘ объектісін құруды;

3) МЖӘ объектісін пайдалануды жүзеге асырады және жауапты болады.

          Жекеше әріптес МЖӘ объектісін құру кезінде:

1)      меншік немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығындағы объектісін пайдаланады;

2)      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды іске асырумен тығыз байланысты.

3)      жоспарланған қызметтерді орындау үшін МЖӘ объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлік пайдаланылатын болады:

-        коммутаторлар;

-        БКБ үшін бағдарламалық қамтамасыз ету (бейнеконференцбайланыс);

-        РББЖ (жабдық және БҚЕ);

-        хаб жұмысын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;

-        бейнеконференцбайланысқа арналған жабдық;

-        келіссөздер бөлмелеріне арналған жабдық (планшет, камера);

-        вебинарлар мен трансляцияларды жазуға арналған жабдық (камералар, микрофон, штативтер, жарық жабдықтары);

-        интерактивті тақта;

-        проекторлар мен экрандар;

-        желілік және телекоммуникациялық жабдықтар және жұмыс жүйесі (WI-FI, коммутаторлар, маршрутизаторлар, желілік сымдар);

-        қызмет көрсетуге арналған шығыс материалдары.

      Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес МЖӘ объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу МЖӘ субъектісінің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері болып табылады. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған.

 

          МЖӘ объектісінің құрамы:

          МЖӘ жобасының тұжырымдамасында жеке меншік бағдарламалық өнімді пайдалану негізінде және қолда бар ғимарат негізінде Жекеше әріптестің қызметтер көрсетуі көзделген.

5 жыл ішінде барлығы 642 іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде:

- 11 бейнеконференция;

- жергілікті спикер тартылған 8 дәріс/воркшоптар;

- сырттан шақырылған 4 спикер тартылған 4 офлайн дәріс/воркшоптар;

- шетелдік спикермен 4 офлайн-дәріс;

- 6 митап;

-3 хакатон;

- 3 акселерация бағдарламасы;

- 3 инкубация бағдарламасы;

- 600 оқыту курсы.

Коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туындаса, іс-шараларды өткізудің балама әдісі қарастырылған. Мұндай жағдайда 637 онлайн іс-шара өткізіледі.  Бизнес үшін акселерация жүргізуге 150 компания, 3 мыңнан астам адам оқытуға тартылатын болады.

Жекеше әріптестің адами ресурстарға деген жергілікті қамтуы – кемінде 100 (жүз)%.

Жобаны іске асыру шеңберінде Жекеше әріптес сатып алатын тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту – кемінде 50 (елу) %.

Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар: Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осы хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсыныс береді:

1)      әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын (заңды және нақты) көрсетеді;

2)      мемлекеттік тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді;

3)      заңды тұлғалардың басшылары туралы немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді көрсетеді;

4)      Қағиданың 130-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда, цифрлық бизнестер мен білім беру бағдарламаларын іске асыруда зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттарды қоса береді;

5)      ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі;

6)      осы хабарламаға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған бизнес-жоспары болуы тиіс;

Әлеуетті жекеше әріптестердің өз сипаттамалары мен параметрлері бойынша баламалы ұсыныстары Хабарламада көрсетілгендей тең немесе одан жоғары (мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуға тиіс.

Жобаны іске асыруға қызығушылық танытылған жағдайда тиісті құжаттарды 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73-үй, 4-қабат мекенжайы, +7 /7212/ 981078; 981077 телефондары бойынша қолма-қол немесе тапсырыс беріп, пошталық жөнелтіліммен ұсыну қажет.

Балама ұсыныстар осы Хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қабылданады.