
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 2 маусым мен 24 маусым аралығында «Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау аясында сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда, Сіз «Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ-не 8 (7212) 504114 телефоны немесе sa.dosymova@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.