2026 жылдың 20 ақпанында Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекеновпен кездесті

2026 жылдың 20 ақпанында Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекеновпен кездесті

Осыған дейін біз ақылды бағдаршамдар жобасын сәтті іске асырған едік. Қарағандының Yandex экожүйесінде бұл жоба іске қосылған әлемдегі алғашқы қала болғаны қуантады. Инновация қозғалыс қауіпсіздігін жақсартып, жүргізушілер үшін қолайлы жағдайды туғызады.
Жақын арада іске қосуға дайын жаңа жобалар да талқыланды. Мысалы, тұрғындар Яндекс картасында немесе қосымшада жедел жәрдем көліктерінің маршруттарын көре алады. Сондай-ақ, МРТ-суреттерді талдау үшін Қарағанды емханаларының бірінде ЖИ енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл дәрігерлерге түсірілімдерді дәлірек зерттеуге көмектесетін көмекші құрал болады. Сонымен қатар, бізге Қарағандының ыңғайлы, әрі жайлы болуы үшін ТКШ саласында қала үшін бірқатар цифрлық шешімдер таныстырылды.
Өз тарапымыздан біз автотұрақ және республикалық жолдардың сапасын мониторингілеу саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастықты ұсындық.
Сондай-ақ біз қазірдің өзінде жасаған жобалармен тоқтап қалмай, жұмысты одан әрі жүргізуге келістік. Бұл үшін бізде нақты идеялар бар.