Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі семинар

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді  көрсету мәселелері жөніндегі семинар

2026 жылғы 18 ақпанда Қарағанды ​​облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы онлайн форматта білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды облысының білім басқармасы өкілдері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Семинар аясында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралып, олардың сапасын арттыру мақсатында тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Семинарға барлығы 628 қызметкер қатысты.