Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен 2026 жылғы 16 ақпанда өткен кезекті аппараттық кеңесте мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері бойынша 2025 жылдың қорытындылары, сондай-ақ 2026 жылға арналған басым бағыттар мен жұмыс жоспарлары айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылауды күшейту, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру және өңір тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында тиісті тапсырмалар берілді.