
2026 жылғы 28 қаңтарда Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі, 12 мекенжайындағы «Терриконовая долина» ғимаратында Қарағанды облысы бойынша статистика департаменті респонденттерге «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-Инновация) жалпымемлекеттік статистикалық нысанын толтыру мәселелері бойынша семинар өткізді.
«Инновациялық қызмет туралы есеп» (1-Инновация индексі) жалпы мемлекеттік статистикалық нысанын толтыру мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар аясында қатысушыларға 1-Инновация (жылдық) нысанын толтыру тәртібі мен ерекшеліктері, ұсынылатын деректердің құрамы мен сапасына қойылатын талаптар түсіндіріліп, 2025 жылға арналған инновациялық қызмет көрсеткіштерін дұрыс көрсету бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар респонденттердің назарына 2025 жыл үшін 1-Инновация (жылдық) «Инновациялық қызмет туралы есеп» нысаны бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті заңды тұлғалардың тізбесі статистикалық нысандар бойынша «Іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде қалыптастырылып, тексеруге қолжетімді екені жеткізілді.
Есептілікті ұсыну мерзімі — есепті кезеңнен кейінгі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін (қоса алғанда).
Семинар барысында сондай-ақ мемлекеттік статистика органдарына бастапқы статистикалық деректерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау немесе анық емес деректерді ұсыну Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатыны және жауапкершілікке әкеп соғатынына назар аударылды.