ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2026 жылғы 28 қаңтарда сағат 11:00-де Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі, 12-ғимаратта орналасқан «Терриконды алқап» ғимаратында Қарағанды облысы бойынша статистика департаменті респонденттер үшін
жалпы мемлекеттік «Инновациялық қызмет туралы есеп» статистикалық нысанын (индексі: 1-Инновация) толтыру мәселелері бойынша семинар өткізеді.
Семинар аясында 2025 жылғы 1-Инновация нысанын (жылдық) толтыру тәртібі мен ерекшеліктері түсіндірілетін болады.
«Инновациялық қызмет туралы есеп» нысаны бойынша
алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті
заңды тұлғалардың тізімін «Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде тексеруге болады.