
10 қазанда Алматыда жыл сайынғы PROFIT Infrastructure Day 2025 конференциясы өтті. Ол Қазақстандағы ақылды инфрақұрылым мен Smart City-шешімдердің дамуын талқылауға арналған негізгі алаңдардың біріне айналды. Іс-шара мемлекеттік органдардың, IT-қоғамдастықтың өкілдерін және цифрлық трансформация саласындағы сарапшыларды біріктірді.
Конференция зияткерлік жүйелерді қалалық инфрақұрылымды, көлікті, қауіпсіздікті және экологияны басқаруға интеграциялау мәселелерін көтере отырып, «ақылды қалалар» тақырыбының қисынды жалғасы болды.
Қарағанды облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Константин Ильницкийдің «Практика жүзіндегі Smart City: Қарағанды қаласының инфрақұрылымын цифрлық мониторингтеу кейстері» тақырыбында сөйлеген сөзі қатысушылардың назарын аударды.
Константин Ильницкий өз баяндамасында еліміздің неғұрлым серпінді цифрландырылатын өңірлерінің бірі ретінде Қарағандыда мониторингтің интеллектуалды жүйелерін енгізудің практикалық мысалдарын ұсынды. Конференцияда қаланы басқарудың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект қолданылатын жобалар ұсынылды.
Қарағанды облысының PROFIT Infrastructure Day 2025 шарасына қатысуы өңірдің Қазақстандағы цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ұсынылған кейстер басқа өңірлер мен технологиялық компаниялар өкілдерінің қызығушылығын тудырып, «ақылды» шешімдер саласында одан әрі тәжірибе алмасу және бірлескен жобалар үшін перспективалар ашты.