Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының басшы қызметкерлерін кадр резервіне алу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Кадр резерві – бұл Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының бос басшы лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының жүйеленген тізімі.
Кадр резервін құрудағы мақсат – денсаулық сақтау менеджерлерінің медициналық ұйымдарды басқаруға арнайы дайындалған құрамын құру, басқарудың үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, кадрларды тігінен және көлденеңінен ротациялау, денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайында міндеттерді табысты және тиімді іске асыруға қабілетті кадрларды даярлау және ұсыну.
Кадр резервін қалыптастыру кезінде іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) Кадрлар жөніндегі комиссия белгілеген нысан бойынша өтініш және толтырылған сауалнама;
3) шетелдік оқу орны аяқталған жағдайда білім туралы құжаттардың көшірмелері не оқудың аяқталғанын растайтын құжаттардың түпнұсқалары нотариалды куәландырылған аудармасыз ағылшын тілінде ұсынылуы мүмкін;
4) еңбек қызметін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттардың көшірмелері;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) өлшемі 3x4 см болатын бір фотосурет;
7) ұйым басшысының ұсыным хаты немесе қолдаухаты;
8) денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтар (марапаттар, медальдар, еңбегі үшін);
9) ізденуші сауалнамада көрсеткен мәліметтерді растайтын құжаттардың өзге де көшірмелері.
Құжаттар көк файлдық папкада «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ кеңсесіне 10 жұмыс күні ішінде қолма-қол қабылданады.