Жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылық білдіру туралы хабарлама

Жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылық  білдіру туралы хабарлама

Жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылық  білдіру туралы хабарлама

          Кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 12-тармағына сәйкес, «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы»  ММ жоспарланып отырған  «Қарағанды облысының бес медициналық мекемесінің ас блоктарын жаңғырту және пайдалану үшін беру» МЖӘ жобасы туралы қызығушылық білдіретіні туралы хабарлайды. Жобаның негізгі параметрлері:

         Жобаның алдын ала құны (жөндеу құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдық, мүкәммал және ыдыс) - 105 983 мың теңге. ;

Жобаны іске асыру орны:

«Теміртау қ.  орталық ауруханасы» КМК;

«Теміртау қ. көпбейінді ана мен бала орталығы»  КМК;

«Жезқазған қ. көпбейінді ауруханасы»  КМК;

«Сәтбаев қ.  №1 орталық ауруханасы» КМК;

«Балқаш қ. орталық ауруханасы» КМК.

Инженерлік-көліктік инфрақұрылымның болуы: бар.

Мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары: жөндеу және жаңғырту шарттарында өтеусіз негізде ас блоктарының үй-жайларын ұсыну.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 7 жыл.

Жобаға қойылатын талаптар:

Мемлекет: бюджеттен қаражат төлеу көзделмеген.

Жеке серіктес:

Ас блоктарын жөндеу;

Ас блоктарын жаңғырту;

Ас блоктарын тиімді басқару, оның сақталуын және пайдалану қызметін ұзартуды қамтамасыз ету;

Жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру;

Диеталық үстелдің мақсатына және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін, науқастардың сапалы тамақтануы;

Ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі - жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде.

Толық техникалық ерекшелік конкурстық құжаттамада көрсетілетін болады.

Анықтама үшін: «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, мекенжайы: Әлиханов көшесі, 2, тел.: +7 (7212) 559784, электрондық пошта: karzdrav1986@mail.ru,,  ҚОДСБ Заңдық қамтамасыз ету бөлімі басшысының м.а. Смағұлов Н. О.