МЖӘ жобасына бастамашылық туралы хабарлама

МЖӘ жобасына бастамашылық туралы хабарлама

МЖӘ жобасына бастамашылық туралы хабарлама

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ денсаулық сақтау саласындағы келесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы хабарлайды:

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабына сәйкес, әлеуетті жекеше әріптестермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарланады.

         Жоба: «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының «Панель центр» шағын ауданында емхана салу және одан әрі пайдалану».

Жобаны іске асыру кезеңі: 2021-2026 жж.

МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі 5 жылды құрайды.

Қызмет түрі: медициналық қызмет.

Аймақта тауарлар, жұмыстар және қызметтерге нақты қажеттілік: жеке әріптес қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылған, қуаты ауысымда кемінде 350 адам қабылдайтын Қазыбек би атындағы ауданның «Панель центр» шағын ауданында емхана (бұдан әрі - Емхана) салу.

Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы - 1 жылға дейінгі Емхана (жалдау ақысының мөлшері емхана пайдалануға берілгеннен кейін айқындалатын болады), м.а. бұйрығына сәйкес бір әкімшілік аумақтық бірлік шегінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының аумақтық қызмет көрсету аймағын айқындау. Жалдау мерзімі өткеннен кейін МЖӘ шарты мерзімінің соңына дейін «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының аумақтық қызмет көрсету аймағында халыққа медициналық көмек көрсету.

Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға жатуы: жатпайды.

Жекеше әріптестер МЖӘ-ке келесі түрде қатысады: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңның 31-бабына сәйкес тікелей келіссөздер.

Жобаны инвестордың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр. МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға қызығушылық білдірген әлеуетті жекеше әріптестер баламалы ұсыныстар жасай алады.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағында көрсетілген, әлеуетті жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге балама ұсыныстар жасайды.

Әлеуетті жекеше әріптес келесі жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы қажет:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

 2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ баламалы ұсыныстарды аталған хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

Анықтама үшін: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, мекенжай: Әлиханов к-сі, 2, тел.: +7 (7212) 559784.