Жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы күнін мерекелеу қоғамның іргелі негізі болып табылатын отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды қолдауға және әрбір отбасының әл-ауқаты үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.
2026 жылы Отбасы күнін өткізу аясында, 7–13 қыркүйек аралығында, медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері, психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, жастардың отбасы құруға саналы көзқарасын қалыптастыруға, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын сақтауға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік қолдаудың қолжетімді шаралары туралы ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар өткізуде.
Білікті дәрігерлер ерте даму, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, күн тәртібін қалыптастыру, баланың психоэмоциялық жағдайы және басқа да өзекті тақырыптар бойынша онлайн және офлайн форматта кездесулер ұйымдастыруда.
Жастар денсаулық орталықтарында, сондай-ақ КМК «Облыстық клиникалық аурухана» жанындағы Отбасын жоспарлау орталығында репродуктивтік денсаулық және отбасын жауапкершілікпен жоспарлау мәселелері бойынша консультациялар жүргізілуде.