Себептері бойынша жіберусіз:
1) шұғыл жағдайлар мен жарақаттар кезінде
2) шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету бойынша;
3) дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар бойынша;
4) жүктілігі бойынша есепке қою және бекітілген жері бойынша психолог жағдайларын қоспағанда, акушер-гинекологқа;
5) пациент онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруға күдіктену себебі бойынша бейінді маманға жүгінген кезде;
6) жастардың денсаулық орталықтары;
7) пациент динамикалық бақылау ауруының бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымына бейінді маманға жүгінген кезде;
8) ауруы бойынша жүгінудің бір жағдайы шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдау кезінде
9) жылжымалы медициналық кешендермен және медициналық поездармен қызмет көрсету кезінде.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы
Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығы