Пациенттердің денсаулық сақтау ұйымы арқылы өз бетінше жүгінуі
Ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда мемлекеттік қызмет көрсету үшін тікелей жүгінген кезде өтінімді мынадай жеке тұлғалар береді:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектігі бар адамдар;
3) бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және оларды алмастыратын басқа да адамдар;
4) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, бекітуді тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы болған кезде колонияларда (өтеу орны бойынша) өтеп жатқан сотталғандар;
5) жоғары оқу орны ректорының МСАК-қа ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссия хаттамасы болған кезде студенттер, сондай-ақ медреседе оқитындар;
6) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
7) шет мемлекеттерде туған балалар;
8) сәбилер, жетімдер, қарттар және басқалар үйлерінің қамқорлығындағы;
9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтін;
10) ЕМС шарты бойынша бекітуді ресімдеушілер.
Бекітілу үшін қажетті құжаттар:
Барлық санаттар үшін - жеке басын куәландыратын құжат
- зейнеткерлер - зейнетақы куәлігі;
- мүгедектер - зейнетақы куәлігі не медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді көшірме;
- бала кезінен мүгедекке заң бойынша тағайындалған қамқоршылар (осы санаттағы жеке тұлғалар кәмелетке толған болуы мүмкін), сондай-ақ
- сот шешімі не қорғаншылықты, қамқоршылықты және т.б. растайтын өзге де құжат;
- бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген сотталғандар, әскери қызметшілер - тіркеуді тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы
- студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай-ақ медреседе оқитындар (18 жасқа дейінгі балалар) - оқу орны басшысының МСАК-қа ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссия хаттамасы;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған балалар - шет мемлекетте туғанын растайтын құжат;
- медициналық-әлеуметтік мекемелер (сәбилер үйі, балалар үйі, қарттар үйі және т.б.) - денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі
- сенімхат бойынша бекітуді ресімдеушілер - нотариалды ресімделген сенімхат.
- ЕМС шарты бойынша - шарттың болуы.
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194 бұйрығы