Жемқорлық - қоғам дертi

Жемқорлық - қоғам дертi

Тарихы тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгiнде бүкiл әлем қоғамдастығына қауiп төндiрiп отыр. Бiздiң республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсiздiк алған сәттен бастап мемлекеттiң бiрiншi кезектегi мiндетiне айналды. 
Қазiргi таңда қоғамымызға қауiп төндiрiп, орасан кесел келтiретiн осынау келеңсiз әлеуметтiк құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын, сондай - ақ, соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, не мүлiктiк пайда  алу үшiн олардың өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалану, жеке өзi немесе делдалдар арқылы  заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу - сыбайлас жемқорлық болып есептелiнедi. Халық арасында iндет аталып кеткен осы дерттi жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтаудың, тежеудiң сәтi кейде түсiп, кейде шарасыздықтың белең алатыны да рас. 
Елбасы алға тартқан мiндет жергiлiктi жерлердегi құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темiрқазығына айналып отыр. Елiмiзде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылымыспен күрестi күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттiк бағдарлама негiзiнде жүзеге асырылуда.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелi жүргiзуге тағы бiр серпiн ретiнде «Қазақстан Республикасында қылымысқа  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту және құқық қорғау қызметiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы қолданысқа енгiзiлген.Жоғарыдағыны айта келе тұрғындарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда 1402 (ҚР ІІМ сенім телефоны) немесе 1424 (жемқорлыққа қарсы қызметінің CALL-орталық номері) номерлеріне хабарласуға болатындығын жеткізгім келеді.